in

«Бүгін – соңғы күнім»: журналист Атырауда жоғалып кеткен отбасы туралы мәлімдеме жасады

Журналист Руслан Өтепбай Атыра уда із-түссіз жоғалған отбасыға қатысты арнайы зерттеу жүргіз ді , – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Зерттеу мәліметтерін келесі аптада жарияламақ.

« Бүгін Атыраудағы соңғы күнім. Қала тамаша екен. Тұрғындары тіпті бөлек. Қызыл балықтан бешбармақ жеп, Жайықтың үстінде жаяу жүріп қайттым. Атырауға келу себебім – Жангелдин ауылына барып, зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Ол туралы келесі апта баяндаймын. Ал ертең Шымкентке барып, қаскөйдің қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ағасынан сұхбат аламын. Сапарымыз сәтті болғай », – деп жазды журналист.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.