Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жолдың белгілі бір бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды "ҚазАвтожол".
Ведомство дерегінше, көлігіндегі жазғы дөңгелектерді ауыстырып үлгермегендер жолға шыға алмайды.
"2026 жылғы 13 қараша сағат 22:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ" автожолының 309 — 461 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасы — Т. Жүргенов а.) жазғы дөңгелектермен жабдықталған автокөліктердің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді", – делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылы 14 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
