Астана, Алматы мен Шымкентте 14 қарашада ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.
Бүгін Алматыда күн аздап бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 8 градусқа дейін көтеріліп, түнде -3 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,6 м/с болмақ.
Астанада да күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 1 градусқа дейін жетіп, түнде -2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,1 м/с болады.
Шымкентте бүгін күн ашық. Күндіз термометр бағаны 10 градусқа дейін жетіп, түнде -1 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,4 м/с деңгейінде болмақ.
