Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Фуджейра әмірлігінде болған жол-көлік апатында адамдардың қаза табуына байланысты шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Ақорданың баспасөз қызметі 2026 жылы 13 қарашада көңіл айту жеделхатының мәтінін жариялады.
"Мемлекет басшысы қайтыс болған жандардың туған-туыстары мен бауырлас Біріккен Араб Әмірліктері халқының қайғысына ортақтасып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілеулес екенін жеткізді", – делінген көңіл айту жеделхатында.
Айта кету керек, Gulf News басылымының мәліметінше , 12 қарашада Фуджейра әмірлігінде болған жол апаты салдарынан 14 адам қаза тауып, тағы 30 адам жарақат алды. Қаза тапқандардың арасында БАӘ азаматтары да бар.
