Түрік сериалдарының жұлдызы Мурат Йылдырым бейтаныс автобус қағып кете жаздаған әйелді құтқарып қалды. Куәгерлер бұл сәтті видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды astana24.com.
Танымал түрік актері Мурат Йылдырым Ыстамбұл көшелерінің бірінде әйелді құтқарып қалды. Ол көліктен түсе бергенде қатты жылдамдықпен келе жатқан автобус әйелді қағып кетуі мүмкін екенін көріп, оны қолынан тартып, қауіпсіз жерге сүйреп үлгерген. Нәтижесінде әйел апаттан аман қалды.
Оның бұл әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды.
Ünlü oyuncu Murat Yıldırım, arabadan inerken yanından yürüyen bir kadını, otobüsün altında kalmaktan son anda kurtardı. https://t.co/jUN0OtDyLx— Televizyon Dünyası (@TvDunyasii) November 13, 2026
