Қазақстанның халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік турнесі аясында Латын Америкасындағы алғашқы концертіне дайындық процесінен фото-видеоларды жариялады, деп хабарлайды astana24.com.
Димаш дайындық процесінен кадрларды көрсетті. Суреттер Меридадағы Foro GNP Seguros аренасында DIMENSIONS жаңа турнесінің Латын Америкасы бөлігіндегі алғашқы шоуға 2 сағат қалғанда түсірілген. Ол көрермендермен жылы кездесуді асыға күткенін атап өтті.
Димаштың айтуынша, дайындық өте керемет өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)
"Енді біз мұның бәрін сахнаға шығаруға дайынбыз!", – деп жазды Димаш үлкен концерттің басталар алдында.
"Қымбатты Димаш, құдай сені әрқашан жарылқасын, Меридада бізбен бірге болғаның үшін рақмет, біз тағы да DiMENSIONS турнесінің бір бөлігі болғанымыз үшін рақмет айтамыз", "Мен сені көруді асыға күтемін, сәттілік, Аргентинадан сәлем", – деп жауап қайтарды жанкүйері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)
