Mercedes-Benz автоконцерні шығындарды қысқартуға қатысты өндірістік кеңеспен туындаған дау аясында Германиядағы зауыттарын жабу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды DW басылымына сілтеме жасаған astana24.com.
Кадрлар жөніндегі директор Бритта Зегердің айтуынша, өндірістік кеңеспен келіссөздерде қызметкерлердің ортақ мәмілеге келуі маңызды.
"Біз қандай жолмен болсын зауыттардың жабылуына жол бергіміз келмейді. Бірақ өкінішке қарай, қазір бұл нұсқаны қарастыруға мәжбүрміз", – деді ол.
Басылымның жазуынша, концерн басқармасы неміс кәсіпорындарына құйылатын барлық жаңа инвестицияны тоқтатқан.
Қазіргі уақытта Mercedes-Benz Германиядағы 12 өндірістік алаңды басқарады.
Жеңіл автокөліктер сегментіндегі пайданың түсуі аясында басшылық қызметкерлерден жалақыға қосымша өтемақы төлемей-ақ ұзағырақ жұмыс істеуді талап етіп отыр – жұмыс аптасын 35 сағаттан 40 сағатқа дейін ұзарту мәселесі талқыланып жатыр.
Алайда өндірістік кеңес пен IG Metall кәсіподағы үшін бұл – аттауға болмайтын шек ("қызыл сызық"), өйткені 35 сағаттық жұмыс аптасы – ұйымның басты жетістіктерінің бірі.
