in

Боксшы Ақнұр Тұрсынғали жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында боксшы Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Спорт комитетіне сілтеме жасаған astana24.com.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақ боксшысы бразилиялық Сара Кампоспен кездесті.

Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер қарсыласының басымдығын мойындап, 4:1 есебімен жеңісті бразилиялық боксшыға берді.

Екінші раундта Ақнұр нокдаунға түскенімен, кездесуді соңына дейін жалғастырып, ел қоржынына күміс жүлде салды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін боксшы Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдесін иеленгенін жазған едік.