Қазақстанда мигранттар ағыны бір жылда екі есеге жуық азайды. Бұл соңғы бес жылдағы ең төменгі көрсеткіш, деп хабарлайды Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасаған astana24.com.
DATA HUB Telegram-дағы арнасындағы сарапшылар мәліметінше, биылғы тоғыз айда 9 мың шетелдік Қазақстанды тұрғылықты жері ретінде таңдаған. Бір жыл ішінде олардың саны 45 пайызға қысқарды. Мұндай деректерді ІІМ мәліметтеріне сүйене отырып Ұлттық статистика бюросы келтіреді.
"Өткен кезеңнің жоғары базасына қатысты күрт төмендеу байқалады. Қаңтар-қыркүйек айларында мигранттар ағыны үш жыл бойы жоғары деңгейде болды – 2023-2025 жылдары (орта есеппен 18,6 мың адам). Белсенділік 2022 жылы басталды, сол кезде бірден 52 пайызға өсім тіркеліп, 11 мың адамға жетті", – делінген жарияланымда.
Сарапшылар қазір бұл көрсеткіш 2022 жылға дейін байқалған "қалыпты" көрсеткіштерге түсіп жатқанын болжайды. Мәселен 2019-2021 жылдар аралығындағы тоғыз айдың орташа деңгейі – 8,2 мың адам.
Бюро мәліметтері бойынша, басқа елдерге көшіп кетіп жатқан қазақстандықтар саны да азайып жатыр. Қаңтар-қыркүйек айларында елден 3,7 мың адам кетті, бұл жылдық көрсеткіш бойынша -40 пайызға тең. Бұл ең аз дегенде 2000 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш.
