in

Аида Кауменова отбасындағы қаралы хабарды жеткізді

Танымал қазақстандық дизайнер әрі кәсіпкер Аида Кауменованың әкесі дүниеден озды. Қаралы хабарды дизайнердің өзі жеткізді, деп хабарлайды astana24.com.

"Әкем Мұрат Кауменов өмірден өтті. Ол маған әрдайым сенетін әрі: "Қызым, өзім әкесіз өстім, сондықтан мен әрқашан сендердің қастарыңда болып, қорған боламын", – дейтін еді", – деп жазды Аида Кауменова желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары дизайнердің қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. Олардың арасында Толқын Забирова, Гүлнұр Оразымбетова, Жәния Джуринская, Анна Данченко, Динара Сәтжан, Тамара Асар, Құралай Нұрқаділова сынды танымал тұлғалар да бар.

"Аида, қайғырып көңіл айтамын", "Әкеңіздің иманы саламат болсын", "Аида, бекем бол, жаным", "Қайғыңызға ортақпын, ол артында өнегелі ұрпақ қалдырды", – деп жазды желі оқырмандары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АИДА КАУМЕНОВА (@aidakaumenova_official)