in

Сейсенбіде ел мегаполистерінің бірінде ауа температурасы 26 градусқа дейін көтеріледі

Астана, Алматы мен Шымкентте 14 сәуірде ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.

Бүгін Алматыда күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 20 градусқа дейін көтеріліп, түнде 7 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,0 м/с болмақ.

Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 11 градусқа дейін жетіп, түнде 1 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,7 м/с болады.

Шымкентте де күн ала бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 26 градусқа дейін жетіп, түнде 12 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,6 м/с деңгейінде болмақ.