Осы аптада Астанада бірқатар маңызды іс-шара өтпек. Соған байланысты қала көшелерінің жекелеген бөлігінде көліктердің жүруіне уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды astana24.com Мемлекеттік күзет қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік күзет қызметінің Instagram желісіндегі парақшасының хабарлауынша, 20-24 сәуірде Астанада бірқатар ауқымды халықаралық саяси іс-шараның өткізілуіне байланысты қала көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға кезінде өткізілетін қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген хабарламада.
