in

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қорытынды медальдар кестесінде қай орынға ие болды

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Қытайдың Ордос қаласында өткен 2026 жылғы Азия чемпионатында медальдар тізімінде сегізінші орын алды, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.

Жарысқа 19 елдің өкілдері қатысты. Азия чемпионаты тарихындағы ең табысты Жапония құрамасы екі спортшымен шектелді. Қазақстан құрамасы атынан 18 дзюдошы қатысты.

Ұлттық құрама қоржынына алты медаль түсті. Алтын жүлде Әділет Алматқа (81 келіге дейін) тиесілі. Аралас командалық турнирде Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды. Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін), Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін), Айдар Арапов (90 келіге дейін) және Аруна Жангелдина (78 келіге дейін) қола медаль иеленді.

Жалпы командалық есепте Қазақстан сегізінші орын алды. Моңғолия бірінші орын (4 алтын, 1 күміс, 2 қола), Тәжікстан екінші, (2-2-1), ал Қытай өкілдері үшінші орын (2-1-6) алды.

Қазақстан құрамасы үшін бұл дзюдодан 2022 жылдан бергі ең табысты Азия чемпионаты. Алдыңғы екі турнирде команда төрт қола медаль жеңіп алған болатын.