Freedom Media онлайн-кинотеатры WBA және WBO белбеулері үшін өтетін титулдық жекпе-жекті көрсету құқығына ие болды.
Freedom Media онлайн-кинотеатры Дэвид Бенавидес пен Хильберто Рамирес арасындағы біріктіруші чемпиондық айқасты ұсынады. Әдетте мұндай деңгейдегі жекпе-жектер өзге платформаларда жеке сатылып, көрерменнен қосымша ақы талап ететін. Алайда Қазақстан нарығындағы жағдай бөлек: Freedom Media бұл доданы көрсетуге эксклюзивті құқық иеленіп, оны ортақ жазылым пакетіне қосты. Жаңа қолданушылар үшін 30 күндік жазылым құны небәрі 5 ₸.
3 мамырда Лас-Вегаста үлкен бокс кеші жалауын көтереді. Кештің басты шарасы — бірінші ауыр салмақта (90,7 келіге дейін) WBA және WBO белбеулерінің иегері Хильберто Рамирес пен жартылай ауыр салмақтағы WBC чемпионы Дэвид Бенавидестің текетіресі.
Бенавидес өз буынының ең жойқын әрі доминантты боксшыларының бірі ретінде жаңа салмақ дәрежесінде бағын сынап көрмек. Ол қарсыласын үнемі қыспаққа алып, толассыз соққы жасап үйренген. Ал Рамирес, керісінше, бұл салмаққа әбден бейімделген, дене бітімі ірі әрі тәжірибелі боксшы. Ол қашықтықты жақсы сақтайды және күшін бүкіл жекпе-жекке жеткізе алады.
Кештің екінші маңызды жекпе-жегінде екінші орта салмақтағы WBA чемпионы Хосе Армандо Ресендис пен экс-чемпион Хайме Мунгия қолғап түйістіреді. Турнир кестесі бірнеше салмақ дәрежесіндегі чемпиондардың орнын алмастыруы мүмкін тартысты кездесулерге толы.
Кештің тікелей трансляциясы Астана уақытымен 05:00-де басталады, ал басты жекпе-жек шамамен таңғы 08:20-ға жоспарланған.
3 мамырға арналған жекпе-жектер кестесі:
Трансляция Freedom SuperApp қосымшасындағы Freedom Media онлайн-кинотеатрында қолжетімді. 30 күндік жазылымды небәрі 5 ₸ төлеп рәсімдеңіз. Жекпе-жек жазылымға енген және бөлек төлемді қажет етпейді.
Мобильді құрылғылардан — сілтемесі бойынша.
Компьютерден — сілтемесі бойынша және BOX26NURKZ промокодымен.
Тіркелгеннен кейін сервис Smart TV-де де қолжетімді: қосымшаны теледидарға орнатып, үлкен экраннан көріңіз.
