in

Astana LRT-ның іске қосылуы: кей станцияларда ұзын-сонар кезек түзілді (фото, видео)

Желіде Астана тұрғындарының LRT-ның ресми түрде іске қосылуына дайындалып жатқан сәтінен фотосуреттер мен видеолар тарады, деп хабарлайды astana24.com.

Бірнеше күн бұрын біз LRT-ны іске қосу осы демалыс күндеріне, 16-17 мамырда жоспарланғанын хабарлаған болатынбыз. Бүгін әкімдіктің Instagram аккаунтында қала тұрғындарын LRT-ның іске қосылуымен құттықтайтын жазба жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ʙᴇᴋꜱꜱᴜʟʟᴛᴀɴ | обучение | мобилограф (@bek.nury)

Видеодан жолаушылардың станциялардың ішінде эскалаторларды пайдаланып жүргенін байқауға болады.

"Астана – Что? Где? Когда" Telegram арнасында "Университет" станциясында ұзын-сонар кезек түзілген сәттен видео жарияланды. Видео авторының айтуынша, тұрғындар мұнда LRT-ға отырып көру үшін жиналған.

Станцияда түзілген кезектің фотолары Astanovka98 Telegram арнасында да жарияланды.