in

LRT жобасының екінші кезегі іске асырыла бастады: алдағы уақытта қай бағыттар қамтылмақ (фото)

Астанада LRT жобасының екінші кезегі іске асырыла бастады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com хабарлайды.

Ақорда мәліметінше, қоғамдық көлікті одан әрі дамыту мақсатында LRT жобасының екінші кезегі іске асырыла бастады.

Атап айтқанда, "Астана-1" вокзалы, "Жағалау" шағын ауданы, Қосшы қаласы бағыты бойынша жаңа желінің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. 20 станциядан тұратын екінші кезеңнің жалпы ұзындығы 26,5 шақырымды құрайды.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада LRT жобасының екінші кезеңі аясында Қосшы бағытында құрылыс жұмыстары басталғанын жазған едік.

Бүгін Астанада LRT ресми түрде іске қосылды. Тоқаевқа 001 сериялық карта берілді.