in

Осы аптада Қазақстанға мемлекеттік сапармен Путин келеді

27-29 мамыр күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды.

28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.

29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.