Абай облысы полиция департаменті өкілдері тұрғындарды жалған хабарламалардан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды astana24.com ведомство хабарламасына сілтеме жасап.
Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, соңғы уақытта интернет алаяқтары азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін қолданып жүр. Олар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы коммуналдық қызметтер атынан жалған хабарламалар жіберуде.
Алаяқтар өзін газ, жарық, су немесе басқа да коммуналдық мекеменің бақылаушы қызметкері ретінде таныстырады. Олар азаматтарға:
Одан кейін қорқытып, тез арада ақша аударуды талап етеді. Ең қауіптісі – төлемді ресми мекеменің есепшотына емес, жеке тұлғаның банктік картасына немесе телефон нөміріне жіберуді сұрайды.
"Коммуналдық мекемелер ешқашан жеке шотқа ақша аударуды талап етпейді. Алаяқтардың негізгі мақсаты – сізді асықтырып, қорқытып, ойлануға мүмкіндік бермей ақша аудартқызу", – дейді департамент өкілдері.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін:
Егер сіз осындай алаяқтыққа тап болсаңыз немесе күмәнді хабарлама алсаңыз, бірден "102" арнасына хабар беріңіз.
