Кеше, 25 мамырда кешқұрым Талдықорғанда 7 жасар бала жоғалды. Полиция 2019 жылы туған бала ерекше күтімді қажет ететінін атап өтті, деп хабарлайды өңірлік ПД-ға сілтеме жасаған astana24.com.
2026 жылғы 25 мамыр күні сағат 19:50-де "102" арнасына 2019 жылы туған кәмелетке толмаған Данияр Айбектің жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Шамамен сағат 19:30-да бала үйден шығып кетіп, содан бері оның қайда екені белгісіз.
"Белгілері: бойы шамамен 120 см, үстінде Өрмекші адам бейнеленген ақ футболка, қара трико және көк сланцы болған.
Шығыс шағын ауданында жедел түрде ауқымды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іздеу шараларына полиция қызметкерлері, кинологиялық қызмет, ТЖД бөлімшелері мен еріктілер жұмылдырылған. Аулалар мен жақын аумақтар, Қаратал өзенінің бойы және бос жатқан жерлер тексерілуде. Іздеу аумағын кеңейту мақсатында тепловизоры бар дрон қолданылуда. Іздестіру жұмыстары түнгі уақытта да жалғасуда", – делінген хабарламада.
