in

Мұхтар Жәкішев қызының ұзату тойын Алматыда дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Қазақстандық бизнесмен Мұхтар Жәкішев қызын Алматыда ұзатып, дүркіретіп той өткізді, деп хабарлайды astana24.com.

Бұған дейін желіде жас жұбайлардың 9 мамырда Лондондағы ратушада тек жақындарымен жиналып өткізген ресми неке қию рәсімінің суреттері тараған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ene Obi | Build Your Speaker Platform (@ene_obi)

Ал бүгінде Жәкішев қыз ұзату тойын Алматыда ұйымдастырып, қуанышты сәтті бөлісуге құдалар Лондоннан арнайы келді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ene Obi | Build Your Speaker Platform (@ene_obi)

Ұзатуда отандық танымал тұлғалар да қонақ болды. Солардың бірі — белгілі кәсіпкер Болат Әбілов. Ол күйеу бала мен Жәкішевтің қызы жайлы ойын ортаға салып, әлеуметтік желіде құттықтау жазба жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ene Obi | Build Your Speaker Platform (@ene_obi)

"Бүгін досым Мұхтар Жәкішев пен оның отбасы үшін шын жүректен қуаныштымын. Оның қызы Алтынай тамаша азамат — Карлға тұрмысқа шығып жатыр, мен онымен бірнеше жыл бұрын танысқанмын. Карл — Ұлыбританияда бірнеше ұрпақ бойы тұрып жатқан нигериялық отбасынан шыққан. Біздің ортақ қызығушылығымыз да бар екен: екеуіміз де футболды жақсы көреміз және "Арсенал" клубына жанкүйерміз. Өте жігерлі, спортқа жақын, табысты азамат. Ең бастысы, оның біздің Алтынайға деген қарым-қатынасы, қамқорлығы көрініп тұр", — деп жазды Болат Әбілов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Булат Абилов (Bulat Abilov) (@abilovbulat_official)

Кәсіпкер сонымен қатар қазіргі жастар шекарасыз әлемде өз бақыттарын тауып жатқанын, махаббат үшін ұлт пен елдің маңызы жоқ екенін атап өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ene Obi | Build Your Speaker Platform (@ene_obi)

Жас жұбайлар туралы не белгілі?

Алтынай Жәкішева 1999 жылы дүниеге келген. Ол Лондонда тұрады және сән әлемінде модель болып жұмыс істейді. Болат Әбіловтің айтуынша, Алтынай өз еңбегі мен кәсібилігінің арқасында сән индустриясында үлкен танымалдыққа ие болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ene Obi | Build Your Speaker Platform (@ene_obi)

Карл Оби LinkedIn-дегі профиліне сәйкес, Манчестер университетін тәмамдаған. Қазіргі уақытта инвестициялық менеджер болып қызмет етеді. Оның жеке Instagram парақшасы жабық.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ene Obi | Build Your Speaker Platform (@ene_obi)

Ұзату тойынан суреттер мен видео

Күйеу жігіттің анасы Ене Оби Алматыдағы ұзату тойынан, сондай-ақ Алматыға сапарынан суреттер мен видеоларды әлеуметтік желіде белсенді түрде жариялап жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ene Obi | Build Your Speaker Platform (@ene_obi)

Ұлыбританиядан келген құдалар қазақ мәдениетімен танысып, Алматының көрікті жерлерін аралап үлгерген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ene Obi | Build Your Speaker Platform (@ene_obi)

Публикация от Ene Obi | Build Your Speaker Platform (@ene_obi)