in

Талдықорғанда құтқарушылар үйдің төбесіне өрмелеп шығып алған жыланды ұстады

Талдықорғанда үйінің карнизінен жылан көрген тұрғын құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды astana24.com ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Талдықорған қаласындағы 3-бөлімше аумағында жеке тұрғын үйдің карнизіне жылан өрмелеп шығып алған. Хабарлама түскеннен кейін құтқарушылар жедел оқиға орнына барды.

ТЖМ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері арнайы құралдардың көмегімен жыланды қауіпсіз түрде ұстап, табиғи мекен ету ортасына жіберді.

ТЖМ өкілдері жабайы жануарлар мен жорғалаушыларды кездестірген жағдайда оларға жақындамауға және құтқарушыларға хабарласуға кеңес береді.