Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи АҚШ-пен соғыста ел өзін жеңімпаз деп санайтынын мәлімдеді. Ол жеңіске ұрыс даласында қол жеткізілгенін атап өтті, деп хабарлайды astana24.com ТАСС-қа сілтеме жасап.
ТАСС-тың Иран мемлекеттік телерадио компаниясына сілтеме жасап хабарлауынша, елдің сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Иранның АҚШ-пен соғыста майдан даласында жеңіске жеткенін мәлімдеді.
"Вашингтон біздің қарулы күштеріміз бен халқымыздың қайсар және батыл қарсылығына тап болды.
Соғысты аяқтаудың ең жақсы уақыты – бізде артықшылық болған кезде. Біз расында да ұрыс даласында жеңіске жеттік", – деді Иран сыртқы істер министрі.
