Ауғанстан билігі Пәкістан тарапынан үш провинцияға шабуыл жасалғанын хабарлады. Соққы салдарынан 13 адам қаза тапқан, олардың – 11-і балалар, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған astana24.com.
Шабуыл туралы Ауғанстанның жоғарғы көшбасшысының баспасөз хатшысы Забихулла Муджахид әлеуметтік желіде мәлімдеген.
"Кеше түнде Пәкістан армиясы тағы да Ауғанстанның әуе кеңістігін бұзып, Кунар, Хост және Пактика провинцияларындағы бейбіт тұрғындардың үйлерін бомбалады. Бұл шабуылдар салдарынан 11 бала, бір әйел және бір қарт адам мерт болды, тағы 14 әйел мен балалар жарақат аған. Біз бұл гуманитарлық қылмыс пен агрессия актін қатаң айыптаймыз", – деді Муджахид.
Басылымның жазуынша, елдер арасындағы ахуал 2025 жылғы қазанда ушыға түскен. Сол кезде екі тарап бір-біріне соққа берген. Алайда Катар мен Түркияның араласуынан кейін атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілген.
