in

Алматыдағы "Медеу" спорт кешеніне келушілер үшін маңызды хабарландыру жасалды

Алматыдағы "Медеу" биік таулы спорт кешенінің автотұрағы уақытша жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған astana24.com.

Ведомствоның мәліметінше, "Медеу" биік таулы спорт кешенін қайта жаңғырту жобасын іске асыру аясында биылғы жылдың 16 маусымынан желтоқсанына дейін кешенге жақын орналасқан автотұраққа кіру шектеледі.

"Шектеу құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне және нысан аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты енгізіліп отыр.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада.