in

Футболдан әлем чемпионаты: Швеция құрамасы Тунистен басым түсті

Швеция құрамасы АҚШ, Канада және Мексикада қатар өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Тунистен басым түсті, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.

F тобындағы матч Мексиканың Монтеррей қаласындағы "Би-Би-Ви-Эй" стадионында өтті. Швеция құрамасы 5:1 есебімен жеңіске жетті.

Жартылай қорғаушы Ясин Аяри дубль жасады (7, 90+6 минут), ал шабуылшы Александр Исак (30), шабуылшы Виктор Гекерес (59) және қаптал шабуылшысы Маттиас Сванберг (84) бір-бір голдан соқты. Тунис құрамасының жалғыз голының авторы – қорғаушы Омар Рекик (43).

Бірінші турдан кейін Швеция қоржынына үш ұпай салып, F тобында көш бастады. Келесі ойында скандинавиялықтар Нидерландпен кездеседі, олар Жапониямен тең ойнаған болатын.

Ұпайсыз қалған Тунис турнир кестесінде соңғы орында тұр. Команда 20 маусымда Жапониямен ойнайды.