Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Шалқаров Ақтөбе облыстық полиция департаментіне қызметке тұрды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған astana24.com хабарлайды.
Бүгін ProKadryKZ Telegram-арнасы Серік Шалқаров Ақтөбе облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалғаны туралы ақпарат жариялады.
NUR.KZ тілшісі Ақтөбе облыстық ПД-ның баспасөз қызметіне аталған ақпаратты растау немесе жоққа шығаруды сұрап, сауал жолдаған. Бұл деректі ведомствоның баспасөз қызметі растады.
Еске салсақ, Серік Шалқаров Алматы облысы ПД-дағы қызметінен 2024 жылғы қазан айында, талғарлық Шерзат Болаттың өлімінен кейін бірнеше аптадаң соң жұмысынан кеткен еді.
ІІМ басшысы бұйрығымен жұмысынан ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Шалқаров, Талғар ауданы полиция басқармасының бастағы Нұржан Күнтүнов, ПД экстремизмге қарсы күрес жөніндегі басқарма бастығы Ұлан Байтақов т.б. қызметінен босатылған.
