in

Қазақстан әлемдегі ең бейбіт 50 елдің қатарына енді, ал Ресей соңғы орында тұр

Экономика және бейбітшілік институты (IEP) жаһандық бейбітшілік рейтингін жариялады, онда Қазақстан 44-орында тұр, деп хабарлайды astana24.com.

Жаңа рейтингті құру барысында сарапшылар 163 елді 23 критерий бойынша бағалады. Оның ішінде қылмыс деңгейі, ішкі қақтығыстар, азаматтардың қауіпсіздігі және милитаризация ескерілді.

Жаңа рейтингте Қазақстанның бейбітшілік индексі 1,771-ге көтеріліп, 44-орында тұрғаны көрсетілген. Орталық Азия және ТМД елдерінің ішінде 37-орында тұрған Өзбекстан ғана Қазақстаннан жоғары тұр.

Айтпақшы, Ресей рейтингте соңғы орында, Судан, Израиль, Украина және Конго одан озған.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Қазақстан жаһандық бейбітшілік рейтингінде 56-орынды иеленді, ол кезде де Ресей соңғы орында болды.