in

Футболдан ӘЧ-2026: Қатар құрамасы Канададан ойсырай ұтылды

Футболдан Канада құрамасы АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші турда Қатарды жеңді, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.

В тобының екінші тур ойыны Канаданың Ванкувер қаласындағы "Би-Си"стадионында өтті. Матчта алаң иелері 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Шабуылшы Джонатан Дэвид (29, 45+3, 90+2) хет-трик жасады. Кайл Ларин (16) мен Натан Салиба (64) да бір-бір голдан соқты. Қатардың жартылай қорғаушысы Мохаммад Әл-Маннаи (75) өз қақпасына гол соғып алды.

Ойын барысында Қатардың екі қорғаушысы Хомам Ахмед пен Ассим Мадибо алаңнан қуылды.

Екі турдан кейін Канада Швейцария сияқты төрт ұпай жинады. Командалар В тобындағы алғашқы екі орынды бөлісіп отыр. Төрттіктің көшбасшылары 25 маусымда өтетін соңғы турда бетпе-бет кездеседі.

Қатар мен Босния Герцеговинаның әрқайсысында бір ұпай бар және олар 25 маусымда өзара ойнайды.

Естеріңізге сала кетейік, өз топтарында алғашқы екі орынды иеленген командалар плей-офф кезеңіне өтеді. Өз тобында үшінші орын алған команданың да барлық үшінші орын алған командалардың рейтингісіне сүйене отырып, келесі кезеңге өту мүмкіндігі бар.