Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов шекарадағы бақылауды күшейтіп, жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды astana24.com үкіметке сілтеме жасап.
Премьер-министр Олжас Бектенов мұнай өнімдері нарығындағы қазіргі жағдайы бойынша кеңес өткізді. Жиында энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің баяндамасы тыңдалды.
"Бүгінде Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз ете отырып, штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Еліміздегі бензин, дизель және авиациялық отын қоры 1 млн тоннадан асады, бұл тұтынушылардың қазіргі сұранысын толық өтеуге мүмкіндік береді. Мұнай өнімдерімен автожанармай құю стансалары, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және отандық әуе тасымалдаушыларына басымдықпен қамтамасыз етілуде. Жанар-жағармай материалдарының тапшылығы байқалмайды. Өндіріс көлеміне, жөнелтуге және қорларға тұрақты мониторинг жүргізілуде", – делінген үкімет хабарламасында.
Кеңес барысында мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің алдын алу шараларына ерекше назар аударылды. Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берілді:
