in

Шайдоровқа 250 мың доллар сыйақы беру туралы қаулы қабылданды

Милан Олимпиадасының чемпионына 250 мың доллар көлемінде сыйақы берілмек. Үкімет Михаил Шайдоров пен конькимен жүгіруден 6-орын алған Надежда Морозоваға және олардың бапкерлеріне ақша бөлу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды "Хабар" арнасы.

Яғни 2 спортшы пен 5 жаттықтырушыға бас-аяғы 250 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның шамамен 122 миллионы Шайдоровқа берілсе, Морозоваға 5 мың доллар сыйақы қарастырылған. Сондай-ақ спортшылардың бас бапкері мен алғашқы және жеке жаттықтырушыларына да ақшалай қолдау көрсетілді.

Айта кетейік, осыған дейін Михаил Шайдоров 5 ай бойы жалақы алмағанын мәлімдеген болатын. Кейін бұл мәселеге Туризм және спорт министрлігі түсініктеме беріп, мәнерлеп сырғанаушыға жаңа келісімшарт ұсынылғанын хабарлаған еді.