in

Өткінші жаңбыр, 38 градусқа дейін ыстық: бүгін ел мегаполистерінде күн райы қандай болады

Астана, Алматы мен Шымкентте 27 маусымда күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз ауа температурасы 34 градусқа дейін көтеріліп, түнде 21 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,7 м/с.

Астанада да өткінші жаңбыр күтіледі. Күндіз ауа температурасы 32 градусқа дейін көтеріліп, түнде 20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 11,2 м/с.

Шымкентте бүгін күн ашық болады. Күндіз термометр бағанасы 38 градусқа дейін жетіп, түнде 26 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 5,9 м/с.