in

Футболдан ӘЧ-2026: Франция мен Норвегия 1/8 финалға шықты

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Норвегия құрамасы Кот-д'Ивуардан, Франция командасы Швециядан басым түсті, деп хабарлайды astana24.com.

Норвегия мен Кот-д'Ивуар арасындағы плей-офф матчы Арлингтондағы (Техас, АҚШ) "Эй-Ти-энд-Ти" стадионында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды.

Ойынның 39-минутында шабуылшы Антонио Нуса алғашқы голды соғып, Норвегияны алға шығарды.

Екінші таймның 74-минутында ивуарлық шабуылшы Амад Диалло есепті теңестірді.

Ойынның 86-минутында норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холанд есепті 2:1-ге жеткізіп, командасына жеңіс сыйлады.

Енді Норвегия құрамасы 1/8 финалда Бразилиямен кездеседі. Матч 6 шілдеде Қазақстан уақыты бойынша сағат 01:00-де басталады.

Ал Франция мен Швеция командалары арасындағы ойын АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы "Метлайф" стадионында өтіп, француздардың пайдасына шешілді.

Кездесуде соғылған голдардың авторлары – Килиан Мбаппе (45, 74-минуттарда дубль жасады) және Брэдли Барколя (53-минутта).

Қазіргі вице-чемпиондар 1/8 финалда Парагваймен кездеседі. Бұл матч 5 шілдеде Қазақстан уақыты бойынша 02:00-де басталады.