in

Аргентина құрамасы плей-офф кезеңінде: Футболдан әлем чемпионатының 4 шілдедегі кестесі

Қазақстан уақыты бойынша, сенбі, 4 шілдеде футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалы аяқталып, келесі кезең басталады. astana24.com кестені назарға ұсынады.

Түнде және ертең таңертең 1/16 кезеңнің соңғы ойындары өтеді. 1/8 кезең Астана уақыты бойынша кешке басталады. Үш ойынның барлығы АҚШ-та өтеді.

Қазақстан уақыты бойынша 4 шілдеге арналған матчтар кестесі:

03:00 Аргентина – Кабо-Верде. "Хард-Рок" стадионы, Майами Гарденс. Келесі қарсылас: Австралия немесе Египет.

06:30 Колумбия – Гана. "Эрроухед" стадионы, Канзас-Сити. Келесі қарсылас: Швейцария.

22:00 Канада – Марокко. "Эн-Ар-Джи" стадионы, Хьюстон. Келесі қарсылас: Парагвай немесе Франция.

Барлық матч Qazaqstan және Qazsport телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі. 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының толық кестесін мына жерден көруге болады.