in

Осы аптадан бастап Қазақстанда бірден бірнеше жол ақылы болады

Қазақстанда 10 шілдеден бастап республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының кейбір учаскелері ақылы болады, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған astana24.com.

Компанияның мәліметінше, 10 шілдеден бастап Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал және Бұрылбайтал – Құрты учаскелерінде жол жүру ақылы болады.

Ал 11 шілдеден бастап Талдықорған – Өскемен учаскесінде ақылы жүйе енгізіледі.

"Барлық учаскеде қажетті инфрақұрылым дайындалған. Көлік құралдарын сәйкестендіру және жол жүру ақысын есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады. Яғни бақылау аркалары арқылы өткен кезде көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі тіркеледі", – делінген хабарламада.

Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал ақылы учаскенің ұзындығы – 645,64 шақырым. Оның ішінде 91 шақырымы – қолданыстағы, 554,64 шақырымы – жаңа учаске. Учаскенің бастапқы нүктесі – 247+700 шақырым, соңғы нүктесі – 2151+000 шақырым. Бұл учаскеде рұқсат етілген жылдамдық – сағатына 140 шақырым.

Абоненттік төлемді көлік құралдары Бұқар жырау, Абай, Шет, Ақтоғай, Мойынқұм, Жамбыл аудандарында, сондай-ақ Балқаш және Приозерск қалаларында тіркелген пайдаланушылар рәсімдей алады.

Бұрылбайтал – Құрты ақылы учаскенің ұзындығы – 80 шақырым. Учаскенің бастапқы нүктесі – 1041+000 шақырым, соңғы нүктесі – 1121+000 шақырым. Бұл учаскеде де рұқсат етілген жылдамдық режимі – сағатына 140 шақырымнан аспайды.

Абоненттік төлемді көлік құралдары Жамбыл және Іле аудандарында тіркелген пайдаланушылар рәсімдей алады.

Талдықорған – Өскемен ақылы учаскенің ұзындығы – 772,955 шақырым. Оның ішінде 32,4 шақырымы – I санатты, 740,55 шақырымы – II санатты жол. Учаскенің бастапқы нүктесі – 287+000 шақырым, соңғы нүктесі – 1073+000 шақырым.

Жылдамдық режимі:

Абоненттік төлемді көлік құралдары Ескелді, Ақсу, Сарқан, Алакөл, Үржар, Аягөз, Жарма және Ұлан аудандарында тіркелген пайдаланушылар рәсімдей алады.

"Абоненттік төлем ақылы учаскеге іргелес елді мекендерде тіркелген жергілікті автокөлік құралдары үшін қарастырылған. Ол бір айға немесе бір жылға рәсімделеді және көлік құралының түрі мен жүк көтергіштігіне байланысты белгіленеді", – деп түсіндірді "ҚазАвтоЖол" өкілдері.

Сонымен қатар компания өкілдері абоненттік төлемді қалай рәсімдеуге болатынын түсіндірді:

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 10 шілдеден бастап Қазақстандағы төрт ақылы автожолда орташа жылдамдық бақыланатынын жазған едік.