2026 жылдан бастап Қазақстан тұрғындары 30 тамызда Конституция күнін тойламайды. Десе де биыл тамызда қазақстандықтарды барлығы он күн демалыс күтіп тұр, деп хабарлайды astana24.com.
Естеріңізге сала кетейік, 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция Қазақстанда 1 шілдеде күшіне енді. Нәтижесінде Конституция күнін ресми түрде атап өту күні де өзгерді.
15 наурыз енді мемлекеттік мереке болып саналады. Бұл норма жаңа Конституцияның 94-бабы 2-тармағында бекітілген. Осылайша, 15 наурыз қазақстандықтар үшін жаңа демалыс күніне айналып отыр.
eGov веб-сайтында жарияланған мерекелік және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, ел тұрғындары биыл тамызда 10 күн демалады. 2026 жылы тамызда бірден 10 күн сенбі мен жексенбі күндеріне түсіп тұр. Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар он күн, ал алты күн жұмыс істейтіндер бес күн демалады.
