in

Бұрынғы спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

Бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты. Бұл ақпаратты astana24.com тілшісіне Қазақстан ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметі растады.

Qumash.kz желілік басылымы 2025 жылы сотталған Қазақстанның бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов бостандыққа шыққаны туралы ақпаратты жария етті.

ҚАЖК баспасөз қызметі astana24.com тілшісіне бұл ақпаратты растап, экс-шенеуніктің осы уақытқа дейін жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеп келгенін нақтылады.

"Сот шешіміне сәйкес, бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза түріне, яғни айыппұлға ауыстырылды.

Сондай-ақ жазаны жеңілдету, мерзімінен бұрын шартты түрде босату және үкімді орындауға қатысты басқа да мәселелерді қарау мен шешім қабылдау тек сот органдарының құзыретіне кіретінін атап өткіміз келеді", — делінген ресми сауалға берілген жауапта.

Ерлан Қожағапановтың ісі: хронология