Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы бірінші іріктеу кезеңінің матчтарында қазылық етеді, деп хабарлайды ҚФФ-ға сілтеме жасаған astana24.com.
ҚФФ-ның мәліметінше, 16 шілдеде Әзербайжанның Сумгаит қаласында өтетін Беларусьтің БАТЭ және Албанияның "Эльбасани" клубтары арасындағы кездесуде отандық төрешілер бригадасы қызмет етеді.
"Матчтың бас төрешісі – Данияр Сахи. Оған Сергей Васютин мен Самат Тергеусізов көмектеседі, ал қосалқы төреші қызметін Георгий Чеховский атқарады", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар ҚФФ Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Нуну Каштру Черногорияның "Дечич" және Латвияның "Лиепая" командалары арасындағы матчқа инспектор болып тағайындалған.
Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы бұл кездесу 15 шілдеде Черногорияның Тузи қаласындағы стадионда өтеді.
