2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/4 финалы Қазақстан уақыты бойынша 12 шілде, жексенбі түнде аяқталады. astana24.com матчтар кестесін ұсынады.
12 шілдеде ширек финалдың соңғы екі ойыны өтеді. Екеуі де әлем чемпионатының қалған барлық матчы сияқты АҚШ-та болады.
Қазақстан уақыты бойынша 12 шілдеге арналған матчтар кестесі:
02:00 Норвегия – Англия. "Хард Рок" стадионы, Майами Гарденс
06:00 Аргентина – Швейцария. "Эрроухед" стадионы, Канзас-Сити
Екі матч та Qazsport және Qazaqstan телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі. Жеңімпаздар жартылай финалда бір-бірімен кездеседі.
Жартылай финалда Франция мен Испания құрамалары ойнайтын болды.
