Адвокат Ғазиз Ынтықбаев Қуандық Бишімбаевтың немере інісі Бақытжан Байжанов бостандыққа шығуға дайындалып жатқанын хабарлады, деп жазады astana24.com
"Бүгін сот отырысы өтті, онда сот Бақытжан Байжановқа қатысты рақымшылық жасау туралы актіні қолданып, оны дереу босату туралы шешім қабылдады. Жазаның өтелмеген бөлігі үш айдан сәл асады. Бақытжан бүгін отбасына оралады", – деді ол.
Биыл сәуірдің басында біз Қуандық Бишімбаевтың немере інісі Бақытжан Байжанов сотқа қайта жүгініп, өзін ақтауды немесе жазаны жеңілдетуді сұрағанын жазған болатынбыз.
Мамырда Байжановтың ісі бойынша сот отырысы өтті. Сот шешімімен Байжановқа қатысты үкім өзгеріссіз қалып, кассациялық шағым қанағаттандырылмады.
