in

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде 40 градусқа дейін ыстық болады

27 шілдеде Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 33 градусқа дейін көтеріліп, түнде 21 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,5 м/с.

Астанада күн ақша бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріліп, түнде 17 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,8 м/с.

Шымкентте де бүгін күн ашық болады. Күндіз 40 градусқа дейін ыстық болса, түнде термометр бағанасы 26 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 14,5 м/с.