in

Энергетика министрлігі: КҚК жүк жөнелтушілерден қайта мұнай қабылдай бастады

Каспий құбыр консорциумы жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдауды және оны Новороссийск портындағы теңіз терминалы арқылы тиеу операцияларын қайта бастады, деп хабарлайды astana24.com Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта КҚК-ның екі айлақ құрылғысында SEAMAJESTY және MILOS танкерлеріне мұнай тиеу жүзеге асырылып жатыр. Екі кеме де "Теңізшевройл" ЖШС мұнайын қабылдап жатыр.

️Мұнай қабылдаудың қайта жандануы мұнай өндіруші компанияларға шикізатты құбыр жүйесіне жеткізуді жалғастыруға және теңіз терминалы арқылы экспорттық операцияларды қайта бастауға мүмкіндік береді.

"Қазақстан Энергетика министрлігі КҚК басшылығымен, ірі жүк жөнелтушілермен және үдеріске қатысушы басқа да тараптармен тұрақты өзара іс-қимыл жасап келеді. Ведомство жағдайды бақылауды жалғастырып, қазақстандық мұнайды одан әрі тасымалдауды қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарды үйлестіруде", – делінген министрлік хабарламасында.