in

"Нағыз машина": "Челси" фанаттары Сәтбаевты Мбаппемен салыстырып, болашағына болжам жасады

"Челсидің" 18,6 мың жазылушысы бар O-O-P фан-аккаунты Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаевтың лондондық топ-клубтағы болашағына баға берді, деп хабарлайды Sports.kz.

"Сәтбаев — енді қалыптасып келе жатқан нағыз машина! Қазіргі уақытта "Челсидегі" дарындар деңгейі керемет. Чемпиондар лигасының іріктеу матчтарында соққан голдары бар, негізгі ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп жүрген және Агуэро/Мбаппе стилінде елеулі ойын өрнегін көрсетіп жүрген 17 жасар ойыншы Хаби Алонсоның баптауымен даму үшін ғана келіп отыр ма? Бұл әділетсіздік! Ол екі аяғымен де еркін ойнайды, өзін өте сенімді ұстайды және шабуылы жойқын. Кобхэм болашақ супержұлдыздардың нағыз империясын құрып жатыр, ал Сәтбаев соның дәл ортасында болады!", — деп жазады аккаунт авторы.

Еске сала кетейік, бүгінгі таңда Дастан Сәтбаев "көктердің" негізгі құрамымен бірге Австралиядағы маусымалды турнеде жүр. "Челсидің" бас бапкері Хаби Алонсо жолдастық кездесулердің қорытындысы бойынша қазақстандық футболшының болашағына қатысты шешім қабылдайды деп күтілуде.