in

17 жастағы қазақ баласы грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Қазақстандық балуан Дияр Аманәлі Бакуде (Әзірбайжан) грек-рим күресінен өтіп жатқан U17 жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарып, алтын медаль иеленді, деп хабарлайды astana24.com.

Отандасымыз 55 кг салмақ дәрежесіндегі финалда венгриялық Кеве Ковачтан басым түсті. Чемпиондыққа жетер жолда Дияр бірнеше қарсыласын тізе бүктірді:

Еске сала кетейік, бұған дейін ел қоржынына 48 кг салмақта өнер көрсеткен Әли Алмас күміс жүлде салған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Wrestling Federation (@kazwrestling_official)