in

Жапонияда магнитудасы 7,1-ге жеткен жойқын жер сілкінісі болды (видео)

Жапонияның Кумамото префектурасында магнитудасы 7,1-ге жеткен жер сілкінісі тіркелді. Xinhua агенттігіне сілтеме жасаған astana24.com порталының хабарлауынша, кейбір аймақтарда цунами жүру қаупі туралы ескерту жарияланды.

Сейсенбі күні Жапонияның Кумамото префектурасында магнитуда 7,1-ге жеткен жер сілкінісі болды. Бұл туралы Жапонияның Метеорологиялық агенттігі мәлімдеді.

Жапонияның оңтүстік-батысындағы бірқатар аудан үшін цунами жүру қаупі туралы ескерту жасалды.

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Footage of Building Swaying side to side as a result of strong shaking from the 7.1 Magnitude Earthquake that struck Kumamoto Japan. #earthquake #japan pic.twitter.com/hr5te7NBwd— TrinbagoQuake (@ManjjMr29643) July 28, 2026

#BREAKING Video of a strong 7.1 magnitude earthquake hits Japan. pic.twitter.com/rW9ugl260o— Fast News Network (@fastnewsnet) July 28, 2026

Желіде бақылау камераларына түсіп қалған жер сілкінісі сәтінің кадрлары жарияланды.

A few minutes ago: The stone walls of Kumamoto Castle collapsed following a magnitude 7.1 earthquake (地震 ) that struck 4 km southeast of Uki, Kumamoto Prefecture, Japan. pic.twitter.com/PwXwldRmIr— Weather Monitor (@WeatherMonitors) July 28, 2026

Сонымен қатар әлеуметтік желі қолданушылары жер сілкінісінің салдарын көрсететін өз видеоларын бөлісуде.

Айта кетейік, тура бір ай бұрын Жапонияның солтүстік-шығысында магнитудасы 6,9-ға жеткен жер асты дүмпулер тіркелгені туралы жазған болатынбыз.