in

Жаңаөзенде жоғалған 9 жасар бала табылды

Жаңаөзенде жоғалып кеткен 9 жасар бала табылды. Ол досының үйінде болған, деп хабарлайды Lada.kz басылымына сілтеме жасаған astana24.com.

Жаңаөзенде жоғалған 9 жасар баланың ата-анасы басылымға оның аман-есен табылғанын хабарлаған.

Белгілі болғандай, ол досының үйінде болған. Қазіргі уақытта алаңдауға ешқандай негіз жоқ.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударуды, оларды қараусыз қалдырмауды және балаларының қайда, кіммен жүргенін үнемі қадағалап отыруды еске салады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жаңаөзенде куәгерлер соңғы рет аялдамада көрген 9 жасар ұл бала іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.

Баланың әкесі тұрғындар мен полициядан көмек сұраған болатын.