Астана әкімдігі елорда әкімінің 300 білім гранты Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында үлестірілгенін хабарлады, деп жазады ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған astana24.com
Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, елорда әкімінің 2026-2030 жылдарға арналған 300-ден астам білім гранты жоғары оқу орындары мен білім беру бағдарламалары бойынша бөлінді.
"Мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 5-10 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Астана әкімдігінің білім грантын алу конкурсына қатысу үшін талапкерлер тиісті жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына өтініш беруі қажет", – делінген хабарламада.
Гранттар келесі жоғары оқу орындары мен білім беру бағдарламалары бойынша бөлінді:
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті:
Көлік қызметтері.
А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты:
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу.
Астана халықаралық университеті:
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу; Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі; Физика пәні мұғалімдерін даярлау; Математика пәні мұғалімдерін даярлау; Информатика пәні мұғалімдерін даярлау; Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін даярлау; Көркем еңбек және сызу пәні мұғалімдерін даярлау; Ақпараттық технологиялар.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті:
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу; Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі; Информатика пәні мұғалімдерін даярлау; Математика пәні мұғалімдерін даярлау; Физика пәні мұғалімдерін даярлау; Ақпараттық технологиялар; Арнайы педагогтарды даярлау: дефектолог, логопед, тифлопедагог, сурдопедагог.
Esil University:
Информатика пәні мұғалімдерін даярлау; Математика пәні мұғалімдерін даярлау; Ақпараттық технологиялар.
