Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 20 тәулік әкімшілік қамаудан кейін бостандыққа шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
Данияр Елеусінов болған жағдайға қатысты қысқаша пікір білдірді.
"Болар іс болды. Бұл жағдайға қатты өкінемін", – деді Олимпиада чемпионы.
Айта кетейік, 9 шілдеде бокстан 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов жол-көлік оқиғасынан кейін ұсталған болатын. Сот оны мас күйде көлік жүргізгені үшін 20 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырған еді.
