2026 жылғы 31 шілдеден бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Түркияның SunExpress әуе компаниясы кіреді. Түркиялық әуе компания елімізге тікелей рейстер ашады, деп хабарлайды astana24.com.
Көлік министрлігінің мәліметінше, әуе компаниясы Алматы-Измир бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды.
Ұшақтар аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері Boeing 737 әуе кемелерімен қатынайды.
Ведомство хабарлауынша, жаңа бағыт Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасын кеңейтіп, екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік, іскерлік және мәдени байланыстарын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.
