Аргентинада шенеуніктер мінген тікұшақ апатқа ұшырады. Сан-Хуан провинциясының губернаторы Марсело Оррего қайғылы оқиға салдарынан жеті адам көз жұмғанын хабарлады, деп жазады astana24.com.
Аймақ басшысы бұл туралы X әлеуметтік желісінде мәлімдеме жасады.
"Біздің провинцияда болған тікұшақ апаты туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадық. Оқиға салдарынан жеті адам қаза тапты", – деп жазды Оррего.
Оның айтуынша, жергілікті тұрғындарды қорғауға өз өмірін арнаған мемлекеттік қызметкерлер қаза тапқан. Олар – азаматтық қорғаныс қызметінің директоры, полиция бастығының орынбасары, өрт сөндіру қызметінің бастығы, оның орынбасары және Федералдық төтенше жағдайлар агенттігінің қызметкерлері.
Сондай-ақ апат салдарынан тікұшақ ұшқышы да қаза болды.
"Осы ауыр қайғылы сәтте қаза тапқандардың отбасына шын жүректен көңіл айтамын. Жақындарынан айырылған әрбір жанның қайғысына ортақтасамыз", – деп жазды губернатор.
