Ыстықкөлдегі Тамшы әуежайынан ұшатын жолаушыларға әуежайға ертерек келу ұсынылды, деп хабарлайды FlyArystan әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған astana24.com.
Әуекомпаниясының баспасөз қызметі 30 шілде мен 2 тамыз аралығында Ыстықкөлде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетінін ескертті.
Бұл халықаралық спорттық іс-шараның өткізілуіне байланысты. Шектеулер Шолпан-Ата – Тамшы әуежайы бағытын да қамтиды.
"Осыған байланысты жол қозғалысындағы ықтимал өзгерістерді алдын ала ескеріп, әуежайға ертерек шығуды сұраймыз. Ұшу алдындағы барлық рәсімнен уақытылы өту үшін әуежайға ұшуға кемінде 3 сағат қалғанда келуге кеңес береміз.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз және сіздерге сәтті сапар тілейміз", – делінген хабарламада.
